28 шілде күні Кенжекол а. көпшілік кітапхасында «Адал азамат – ел тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және отансүйгіштік сияқты адамгершілік құндылықтарды сіңіру, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушыларға адал еңбектің қадірі, заңға құрмет, қоғамдық тәртіпті сақтау, елдің дамуына үлес қосатын саналы азаматтың қасиеттері туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар адалдық пен парасаттылық тақырыбында пікір алмасты. Кітап көрмесіне шолу жасалып, тақырыпқа сәйкес әдебиеттер таныстырылды.

















