«Алаштың ардақтысы»

23 наурызда Д.Әбілев актындағы көпшілік кітапханасында «Алаштың ардақтысы» атты тағылымды шара өтті. Бұл шара Ұлт көшбасшысы, Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның өмірі мен мұрасын насихаттауға арналады. Біздің басты мақсатымыз – жас ұрпаққа Алаш зиялыларының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін таныстырып, олардың рухани мұрасын дәріптеу болып табылады. Өйткені өткенін білген ұрпақ қана ел болашағын нық қалыптастыра алады. Әлихан Бөкейхановтың ұстанымдары бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ. Ол өзі айтқандай: «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден.» Бұл сөздер бүгінгі ұрпаққа да жол көрсетіп отыр. Шара барысында оқырмандарға, шара қатысушыларына Әлихан Бөкейхан және Алаш Орда тарихы туралы құнды деректер ұсынылады. Әлихан Бөкейхановтың мұрасы біздің еліміз үшін өте құнды. Олай айтатын себебім, Әлихан Бөкейхановтың тұлғасы қазақтың зиялы қауымының арасында ерекше орын алады. Біз оны бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде құрметтейміз.

Комментарии запрещены.