3 маусым күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай көпшілік оқырмандарға және ардагерлер кеңесіне «Рәміздері елімнің бойтұмары…» атты тарихи сағатын өткізді. ҚР әнұраны орындалды, кітапханашылар ҚР мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беріп, сұрақ-жауап өткізді. Және кітап көрмесіне шолу жасалды.
















