Павлодар облысының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы-өлкетанушы Бикбулат Махмұтұлы Хазыров туғанына 100 жыл толуына орай №30 мектепте 10 сынып оқушыларына, «Ерлік пен елдік жолы» атты тарихи сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар батыр тұлғаның өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен майдандағы ерлігі туралы мол мағлұмат алды. Балалар шығармашылық жұмыстарын қызығушылықпен тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы қатысушыларға «Ғасыр тұлғасы – Бикбулат Хазыров» атты кітап көрмесіне шолу жасап, көрмеге қойылған кітаптар мен тарихи деректерді таныстырды. Іс-шара жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.















