«Дихан Әбілев оқулары»

2026 жылғы 24 сәуір күні сағат 11.00-де Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында жазушы және ақын, әдебиет әлемінің жарық жұлдыздарының бірі — Дихан Әбілевті еске алып, оның шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Дихан Әбілев оқулары» байқауы өтті. Байқау үш кезең бойынша өтті. Байқауға қала мектептерінің оқушылары қатысты Бұл байқауда жазушының шығармаларына арналған әдеби оқу, поэзия мен проза жанрында шығармашылық қабілеттерін көрсеткен қатысушылар өзара бақ сынасты. Байқауға қаламыздың белгілі тұлғалары ақын, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Байғалы Шолпан Байғалықызы, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының әдіскері Анаргуль Гимрановна Эшмирзаева, Облыстық Halyq Radiosy-ның тілшісі Касанбаева Дильназ Мейрамқызы төрелік жасады.
Байқауда Дихан Әбілевтің шығармашылығы мен өмір жолы жайлы кеңінен сөз қозғалып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызы туралы пікірлер айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің әдеби туындыларымен қатар, Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін жазушыға құрмет көрсетіп, оның шығармаларының өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Үш кезеңдік байқаудың қорытындысында Бас жүлдені №36 ЭБЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Каирбаева Ельназ иеленді. Бірінші орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Каиргелді Қуанышбек , екінші орынды №27 ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы Санақбай Ақниет иеленсе, үшінші орынды №40 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Адалгазова Аружан ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен алғыс хаттар берілді. Бұл байқау Дихан Әбілевтің әдеби мұрасын келешек ұрпаққа жеткізіп, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау үшін маңызды қадам болып саналады.

Комментарии запрещены.