№43 орта мектептің акт залында 11-сыныптар параллелі үшін Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 37 жыл толуына арналған «Отанның бұйрығына талқылау жоқ» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараны 11-сынып оқушылары жүргізді. Олар ауған соғысының тарихымен таныстырып, сарбаздардың ерлігі мен төзімділігі туралы баяндады. Шараның құрметті қонақтары – ауған соғысының ардагерлері Н.Г. Любимов және Н.Т. Жүнусов өздерінің әскери қызметтегі естеліктерімен бөлісіп, жауынгерлік достық пен әскери борышқа адалдық туралы әңгімеледі. Іс-шара барысында ауған соғысы мен Отанға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Сонымен қатар Ауғанстандағы соғыс оқиғалары туралы бейнеролик көрсетіліп, ол тарихи деректерді тереңірек түсінуге және сол жылдардың қасіретін сезінуге мүмкіндік берді. Кітапханашылар тақырыптық көрмеге шолу жасап, онда кеңес жауынгерлерінің ерлігіне арналған кітаптар мен материалдар ұсынылды. Іс-шара өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өз елінің тарихына және оны қорғаған азаматтарға деген құрметті қалыптастыру бағытындағы маңызды жұмыстардың біріне айналды.

















