«Саналы сөздің шебері»

2026 жылғы 14 қаңтар күні Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Қазақстанның Құрметті журналисі, Май ауданының Құрметті азаматы, Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін белгісінің иегері Социал Әйтеновтің 80 жас мерейтойына арналған «Саналы сөздің шебері» шығармашылық кеші өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – журналист Социал Әйтеновтің шығармашылығын таныстыру, оның халыққа адал қызметін дәріптеу және жастарға шығармашылық тұрғысынан үлгі көрсету болып табылды. Сонымен қатар, жас ұрпақты өңірімізден шыққан танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын, еңбектерін үлгі тұтуға шақыру да шараның басты мақсаты болды.
Айтулы шараға өңіріміздің белгілі тұлғалары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті БАҚ өкілдері, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, №3 Өрт сөндіру бөлімі және кітапхана қызметкерлері қатысты. Шараның ашылуында жүргізушілер қатысушыларға сәлемдесіп, белгілі журналист Социал Әйтеновтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталды. Кеш қонақтары мен қатысушылар экран арқылы өмірінен үзінділер мен оның журналистикаға деген адал қызметін, өмірі мен еңбектерін танытатын бейнемазмұнды тамашалады.
Шара барысында танымал журналистің еңбегі жайлы ой-пікір білдіруге
қонақтарға сөз беріліп, оның шығармашылығына қатысты ойларымен бөлісті.
Шара аясында Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Социал Әйтеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның соңында ұйымдастырушылар жастарды елге адал қызмет етуге, танымал тұлғалардың мұрасын үлгі тұтуға шақырды.

 

Комментарии запрещены.