Бүгін Н.Г. Шафердің музей-үйінде әдебиетші, музыкатанушы, композитор Наум Шафердің 95 жылдығына арналған «Наум Шафер мұрасы» атты өлке сағаты өтті.
Іс-шара барысында Баян Аубакировна музей-үйіне экскурсия жасап, Наум Шафердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен таныстырды. Наум Шафер — ұлттық музыка мен әдебиетіміздің дамуына зор үлес қосқан тұлға, көптеген музыкалық зерттеулер мен әдебиетке қатысты ғылыми еңбектердің авторы ретінде еліміздің мәдени өмірінде ерекше орын алды. Қатысушыларға архивтік бейнематериалдар мен музыкалық үлгілер ұсынылды.
Шараға М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.















