Кітапхананың өлкетану жұмысы аясында №43 орта мектептің 6 және 8-сынып оқушыларына Наум Григорьевич Шафердің туғанына 95 жыл толуына орай «Музыканың сақтаушысы» атты өлкетану сағаты өткізілді. Наум Григорьевич Шафер — белгілі әдебиеттанушы, музыкатанушы, композитор, қаланың құрметті азаматы, көрнекті коллекционер.
Іс-шараның құрметті қонағы Наум Г. Шафердің үй-мұражайын 11 жыл бойы басқарған Корешкова Татьяна Сергеевна болды. Ол өз сөзінде Наум Григорьевичтің өмірі мен сан қырлы қызметі туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, оның мәдениет, ғылым және музыка өнерінің дамуына қосқан үлесін әңгімелеп берді. Сондай-ақ 1941 жылғы соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған кезде өзімен бірге ең қымбат дүниесі — 30 грампластинканы ала келген жанның ұқыпты да табанды еңбегі жайлы айтты.
«Шафер үйі» — Қазақстан Республикасындағы грампластинкаларға арналған жалғыз музей. Ол 2001 жылғы 21 ақпанда профессордың бірегей коллекциясы негізінде ашылды.
Татьяна Сергеевнаның әңгімесі оқушыларға Н. Г. Шафердің тұлғасын тереңірек танып-білуге, оның мәдени құндылықтарды сақтауға деген адалдығын және кейінгі ұрпақ үшін қалдырған мұрасының маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара танымдық атмосферада өтіп, қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.

















