21 қаңтар күні қазақтың әйгілі композиторы, домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейісованың туғанына 165 жыл (1861–1955) толуына орай
«Күй анасы – Дина» атты әңгіме-шолу шарасы өтті.
Шараға М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты:
оқушыларға күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ұлттық өнерді қадірлеуге, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапханашылар Дина Нүрпейісованың өмір жолы мен күй өнеріндегі орны туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар күйшінің шығармашылығына арналған виртуалды көрме ұсынылды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап жүргізіліп, шара қорытындыланды.














