Елімізге танымал публицист, журналистика ардагері Социал Әйтенов 80 жасқа толды. Ол ел экономикасы, ауыл тағдыры мен халық тұрмысы тақырыптарында қалам тербеп, отандық журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.
Мерейтой Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің құттықтау хатымен аталып өтіп, ардагердің иығына шапан жабылды. Социал Әйтенов – талай жас журналистке жол көрсеткен ұстаз, ұлт руханияты мен мәдениетіне еңбек сіңірген тұлға.














