Өмірі — өнеге, сөзі — мәңгілік

№ 3 көпшілік кітапханада жазушы, драматург, педагог, аудармашы және өлкетанушы Зейтін Ақышевтің туғанына 115 жыл толуына арналған әдеби портрет өтті. Іс-шара барысында оқырмандар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, әдебиетке, білім беру саласына және өлкетануға қосқан үлесін тереңірек таныды. Туған өлкенің тарихын, ұлттық рух пен рухани құндылықтарды арқау еткен шығармаларына ерекше назар аударылды. Кеш аясында кітап көрмесіне шолу жасалып, шығармаларынан үзінділер оқылып, автордың өмірінен қызықты деректер ұсынылды. Әдеби портрет мазмұнды әрі тағылымды шара ретінде оқырмандардың қызығушылығын арттырды.

Комментарии запрещены.