«Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсем де өлеңімді айтып өтем»

11 желтоқсан күні Кенжекөл ауылының көпшілік  кітапханасында қазақ ақыны Қалижан Бекхожиннің 115 жылдығына арналған «Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсем де өлеңімді айтып өтем» атты әдеби кеш өтті.  Іс-шараның мақсаты: қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,майдангер, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Кеш барысында ақынның өмір жолы, еңбектері мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылды. Сонымен қатар тақырпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

 

 

 

Комментарии запрещены.