17 желтоқсан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Туған жерім — қасиетті мекенім» жоба аясында жерлес ақын Ж. Нұркеновтің 85 жыл толуына орай «Крылья песни моей…» портрет кеші өтті. Кеш ардагерлер кеңесіне және ауыл жастарына ұйымдастырылды. Павел Васильев мұражай үйінің қорын сақтаушы Корешкова Т.С., ақын Ж. Нұркеновтың қызы Ольга Жанаталаповна кеш қонақтары болып шақырылды. Ақынның өмірбаянымен шығармашылығы терең ашылды.

















