«Адам, жауынгер, жазушы Бауыржан Момышұлы»

2025 жылдың 17 желтоқсанында жазушы және қолбасшы Б.Момышұлының мерейтойын атап өту мақсатында Дарынды балаларға арналған мектеп — лицейінің 8-сынып оқушыларына арналған «Адам, жауынгер, жазушы Бауыржан Момышұлы» атты тарих сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — Бауыржан Момышұлының ерлігін мәңгілік ету, оны үлгі ретінде көрсету және жастар арасында оның батырлық жолын кеңінен насихаттау. Шара барысында оқырмандар Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, талантты жазушы және патриот Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері туралы білді. Ол туралы кітаптар ұсынылды, шығармаларына шолу жасалды, дәйексөздер мен естеліктер айтылды. Оның шығармаларының тәрбиелік мәніне, ар-намыс, міндет, батылдық және Отанға деген сүйіспеншілік туралы көзқарастарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірі туралы бейнеролик көрсетілді.

Комментарии запрещены.