«Кешкі кітапхана» жобасы аясында армия генералы, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қайсар қолбасшы, өнегелі өмір» атты патриоттық кеш өтті. Іс-шараға Әскери-техникалық мектептің курсанттары, кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары мен шақырылған қонақтар қатысты. Кеш «Айбын» атты бейнероликтің көрсетілімінен басталды. Онда Мұхтар Алтынбаевтың өмір жолы мен қызметтік ерлігі баяндалды. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері кеңесінің Павлодар облысы бойынша төрағасы Қаратаев Ж. Қ., сондай-ақ «Павлодар облысының әскери-патриоттық тәрбие беру қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Николашин О. В. Қатысты. Кездесу барысында қатысушылар генерал М.Алтынбаевтың әскери еңбегінің маңызы, армияны дамытуға қосқан үлесі және оның жас ұрпаққа үлгі боларлық өмірі туралы материалдармен танысты. Курсанттармен ерлік, патриотизм және әскери борыш тақырыптарында пікір алмасу өтті. Сонымен қатар «Ел қорғау – ердің ісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер генералдың өмірі мен қызметіне қатысты кітаптар, тарихи материалдар және мұрағат деректерімен танысты. Патриоттық кеш ел тарихына деген құрметті арттырып, жастарға отансүйгіштік рухын тәрбиелеуге ықпал етті. Жалпы, патриоттық кеш жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға, тарихи тұлғаның еңбегін насихаттауға ықпал етті.

















