«Жазушының шығармашылық мұрасы»

4 желтоқсан күні № 2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Жазушының шығармашылық мұрасы» атты әдеби палитрасы өткізілді. Жүргізуші-кітапханашы «Бір ел — бір кітап» акциясы туралы, 2025 жылы жалпы оқу үшін екі автордың шығармалары таңдалғаны туралы айтты: поэзия жанрында — ақын Жұмекен Нәжмеденов, проза жанрында — жазушы Такен Әлімқұлов. Оқушылар жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысып, Жұмекен Нәжімиденовтың «Көп емес — ау саған артар міндетім…», «Анау келген кім болды екен?…» т.б.өлендерін оқыды, «Бір ел — бір кітап 2025 » акциясы туралы, Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімиденовтың шығармашылығы туралы бейнероликтерді тамашалады.
Кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.