20 қараша күні Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында көрнекті ақын, жазушы, Алаш рухты қаламгер Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы — Жұмекен» атты әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпақты Жұмекен шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рухты дәріптеу. Шара барысында кітапханашы Ж. Нәжімеденовтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды баяндама жасап, ақынның поэзиясындағы терең философиялық ойлар мен ұлттық болмыс жайлы сыр шертілді. Іс-шарада оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өмірі мен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап берді.














