«Шығыстың жарық жұлдызы»

11 қараша Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты – жас ұрпаққа Шоқан Уалихановтың өмірі мен қызметін насихаттап, ұлы ғалымның ел тарихындағы орнын ұғындыру. Іс-шара барысында оқырмандар Шоқан Уалихановтың өмір жолы, ғылыми зерттеулері мен қазақ мәдениеті мен ғылымына қосқан үлесі туралы тың ақпараттармен танысты. Сонымен қатар, тарихи деректерге сүйене отырып, тұлғаның қысқа ғұмырына қарамастан, артында қалдырған мол мұрасы мен еңбектері кеңінен талқыланды.

 

Комментарии запрещены.