«Отан – бақытты ел»

Республика күні қарсаңында N43 орта мектебінің 5 сынып оқушылары үшін «Отан – бақытты ел» атты танымдық сағаты өткізілді. Осыдан 35 жыл бұрын, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Сол кезден бастап мемлекетіміздің тарихы басталды. Іс-шарада оқушылар мереке тарихы мен еліміздің жетістіктері туралы кітапханашының әңгімесін қызығушылықпен тыңдады, «Менің Республикам» бейнеролигін тамашалады, «Менің Отаным – Қазақстан» викторинасының сұрақтартарына жауап берді, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, көрмедегі кітаптарды қарап шықты.

 

Комментарии запрещены.