Халықаралық ауыл әйелдері күні

Халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған кездесу өтті. Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай тұрақты оқырмандармен жылы жүзді кездесу өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ауылдағы аналарымыздың еңбегін ұлықтау, олардың қоғамдағы рөлін насихаттау және қалалық жерде өскен балаларды ауыл өмірінің шынайы тынысымен таныстыру болды. Кездесу барысында қатысушылар ауылдың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылықтың қазіргі жағдайы және ауыл әйелдерінің еңбегі туралы мол мәлімет алды. Қалалық жерде өскен балалар бір сәтке ауыл өміріне еніп, аналарымыздың күнделікті еңбегінің маңызын сезінді.
Қонақ ретінде шақырылған спикер қазіргі таңда еңбек еткен әрбір азамат қай жерде жүрсе де өз жағдайын жасап, қоғамға үлес қоса алатынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, еңбек пен табандылық бар жерде өркендеу мен береке қатар жүреді. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығын дамытып, ел экономикасына зор үлес қосып келеді. Кездесу соңында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті. Мұндай игі шаралар жас ұрпаққа еңбекқорлық пен қарапайымдылықтың қадірін ұғындырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Комментарии запрещены.