«Біз Абайды білеміз бе?»

23 сәуір күні кітапханада № 5 мектептің 5 «А» сынып оқушылары үшін «Біз Абайды білеміз бе?» квест-ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына ұйымдастырылды. Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Квест барысында кітапхананың ішінде Абайға байланысты қызықты сұрақтар жасырылды. Балалар оларды тауып, дұрыс жауап беру арқылы келесі кезеңге өтіп отырды.
Ойын барысында балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, үлкен қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, өз білімдерін көрсетіп, жаңа ақпараттармен танысты. Бұл ойын олардың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын да жетілдіре түсті. Квест-ойын өте әсерлі, мазмұнды және есте қаларлықтай болып өтті.

Комментарии запрещены.