«Ақын-жыраулар – Ертіс өңірінің мақтанышы»

1 шілдеде Мойылды ауылының көпшілік кітапханасында «Ақын-жыраулар – Ертіс өңірінің мақтанышы» атты тарихи-өлкетану сағаты өтті. Шарада Бұқар жырау, Жанақ, Шортанбай, Дулат сынды тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, олардың халық тарихы мен дәстүрін жеткізудегі рөлі айтылды. Арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар жыр-дастандардан үзінділер тыңдады. Іс-шара танымдық әрі әсерлі өтті.

 

Комментарии запрещены.