Өмір жолы

2025 жылғы 12 тамызда кітапханада Қазақстанның көрнекті кинорежиссері, актері, дубляж шебері Қуат Абусейітовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өтті.

Қуат Ашырбекұлы Абусейітов — театр сахнасынан бастап экранға дейін, режиссурадан дубляжға дейінгі жолды жүріп өткен қазақ киносының жарқын тұлғаларының бірі. Оның ұлттық кино мен дубляж өнеріне қосқан үлесі, сондай-ақ сахналық және музыкалық таланты Қазақстан мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып саналады.

Іс-шара барысында кітапханашылар өскелең ұрпақты Қазақстан киносының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғамен таныстырды. Қуат Әбусейтовтің өмір жолы, оның кинодағы жұмысы туралы әңгімелеп, оның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетіліп, қызықты әңгіме жүргізді.

Балалар ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, ақпараттық сағат материалдары бойынша викторинаға қатысты. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Балалар қазақстандық киноның тарихымен және оның кейіпкерлерімен жақынырақ танысуға ниет білдіріп, жаңа біліммен және шабытпен тарасты.

Комментарии запрещены.