Ұлы ақын – Абай

2025 жылғы 07 шілде күні 6679 әскери бөлімнің сазбаздары үшін қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы -халық ұлағаты» акциясы аясында  «Ұлы ақын – Абай» музыкалық-әдеби кеші өтті. Абай Құнанбайұлы адамзатқа мол рухани және мәдени мұра қалдырды. Бұл мұра ғасырлар бойы әлем жұртшылығын шабыттандырып, біріктіруде. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу аясында ұлы классиктің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріп, деректі фильм көрсетілді. Кеш барысында сарбаздар үшін «Абай  мұрасы —  халық ұлағаты»  кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнежазбадан Қазақстан Республикасының халық әртісі, біздің жерлесіміз Шахимардан Әбілов пен Мерей Мұхтарұлының орындауында «Көзімнің қарасы» және «Айттым саған, Қаламқас» әндері тыңдалды.

Комментарии запрещены.