Тарихи кітаптар: Уақыттың куәгерлері

Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханада «Тарихи кітаптар: Уақыттың куәгерлері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналды.

Әдеби кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Абайдың өмірі мен шығармалары жайлы мағыналы әңгімелер өрбіді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, оның даналыққа толы мұрасы кеңінен насихатталды.

Шара барысында қатысушылар тарихи туындылардың мәні мен маңызын ұғынып, өткен мен бүгінді жалғаған рухани сабақтастықты сақтайды.

Комментарии запрещены.