22 шілде күні кітапханамызда «Қазақ хандығы – 560 жыл» атты тарихи кеш өтті. Шара барысында оқырмандарға Қазақ хандығының құрылуы, тарихтағы орны мен маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар хандар шежіресімен танысып, тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи әдебиеттерге шолу жасалды.