Қауіпсіз көше

2025 жылдың 22 шілдесінде №4 көпшілік кітапхана базасында Павлодар қаласының №54 бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері үшін «Қауіпсіз көше» атты ақпараттық танымдық әңгіме өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, олардың көше қауіпсіздігіне деген түсінігін арттыру болды.  Шара барысында бүлдіршіндер «жаяу жүргінші», «екі жақты қозғалыс» секілді жол белгілерінің мәнін танып, оларды күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін үйренді. Сонымен қатар, балалар қалалық көшелерде жиі кездесетін көлік түрлерімен танысты: жүк көліктері, жеңіл автомобильдер мен арнайы мақсаттағы техникаларды ажыратып, сипаттамалық жұмбақтар арқылы оларды дұрыс тануға машықтанды.  Іс-шара аясында жол қозғалысы тақырыбына арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, балалардың қызығушылығын оятатын көркем және танымдық әдебиеттер таныстырылды. Шараға  белсенді қатысып, өз білімдерін толықтырып, пайдалы ақпарат алды.

Комментарии запрещены.