№3 көпшілік кітапханасында «Ән салып тұрған кітаптар» атты музыкалық-әдеби саяхат өтті. Бұл шара музыка туралы кітаптарға және қазақтың әншілік мұрасына арналды. Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды музыка тақырыбына арналған әдебиетпен таныстыру. Қатысушыларға ұлы композиторлар туралы еңбектер, Қазақстанның музыкалық мәдениеті мен қазақтың қасиетті домбырасы жайлы кітаптар таныстырылды. Шара барысында қазақтың халық әндері мен күйлері шырқалды. Этнографиялық зерттеулерден, көркем әдебиеттең үзінділер оқылды.















