Кітапхана оқырмандарына арналған М. Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғалары» атты кітабының бенефисі өтті. Шара барысында балаларға фильмнен үзінді көрсетіліп, романдағы басты ой айтылды: қандай қиын жағдай болмасын, үмітсіздікке берілмей, шешім іздей білу керек. Балаларға қысқаша мазмұнымен шектелмей, шығарманың толық нұсқасын оқуға кеңес берілді.