«Қазағымның қазынасы – домбра»

6 шілде күні №3 көпшілік кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы – домбра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ ұлттық мәдениетін насихаттау, музыкалық дәстүрлерді сақтау және халық өнеріне деген қызығушылықты арттыру. Кештің ашылуында домбыраның қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі маңыздылығы атап өтті, оның ұлттық сананың символы ретіндегі рөлі ерекше көрсетілді. Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетіні және бұл күннің елдің рухани өмірінде маңызды орын алатыны еске салынды. Шара барысында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова сынды ұлы композиторлардың күйлері орындалды. Орындаушылар – домбыра үйірмесінің оқушылары. Әрбір күйдің алдында композитор туралы қысқаша мәлімет пен шығарманың тарихи контексті таныстырылды. «Домбыра – асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Халық музыкасы туралы кітаптар, композиторлардың өмірбаяндары және күй жинақтары ұсынылды.

 

Комментарии запрещены.