«Қасиетті домбыра»

4 шілде күні Ұлттық домбыра күніне орай «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Павлодар ауылының және Жетекші ауылының көпшілік кітапханалары және Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйі бірлесіп «Қасиетті домбыра» атты танымдық ойын-сауық бағдарламасын #40 ЖОББМ-нің «Радуга» және Жетекші ауылының орта білім беру мектебінің «Күншуақ» жазғы лагерь балаларына өткізді.
Бағдарламада Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйінің «Жігер», көпшілік кітапханасының  «Еркемай» домбыра үйірмелері, » Пируэт» хореографиялық ансамблі, Жетекші ауылының орта білім беру мектебінің оқушылары өңерлерін көрсетті.  Балалар танымдық бағдарламада белсенді қатысып, ойындар ойнап, викториналарды, жұмбақтарды шешті, би билеп сыйлықтар алды.
Кітапханашылар Ұлттық домбыра күні туралы ақпарат беріп «Домбыра үні — ұлт үні» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі атынан алғыс хаттар табысталды.

Комментарии запрещены.