Тарихи өткенге құрметпен қарауды қалыптастыру, қазақстандықтардың ерлігі мен патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында 08 мамырда №33 мектеп оқушылары үшін «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтар» ақпарат күнін өткізді. Іс-шара Кеңес Одағының Батырлары Махмет Қайырбаев пен Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналды. Батырлардың ерлігін, жанқиярлығын және Отанға деген сүйіспеншілігін атап өтіп, олардың өмірлік және жауынгерлік жолы туралы әңгімеледік. «Халық ерлігі кітапта» кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқушылар тарихтың батырлық беттері, қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерліктері, табандылықтың нышанына айналғандардың өмірі мен ерлігі туралы білді.