«Жыр – жүрек үні»

4 ақпанда Павлодар қаласындағы № 26 орта мектебінің 8-9-сынып оқушылары үшін «Жыр – жүрек үні» әдеби қонақжай кеші өтті. Іс-шара Павлодар қаласының ақын қызы Наталья Васильевна Борисовскаяның шығармашылығына арналды. Кітапханашы өз сөзінде: «Бұл әлемде ерекше жандар бар. Олар – ақындар. Өлең жазуды үйрену мүмкін емес, бірақ поэзияны түсініп, сезінуге әркімнің талпынысы жетеді», – деп атап өтті.  Іс- шара бағдарламасында:  Н.В. Борисовскаяның «Қазақстан –біздің ортақ үйіміз»  өлеңінің Шафер мұражай-үйі әзірлеген «Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!» бейнеролигінен үзінді көрсетілді;  «Наталья Борисовскаяның өмір жолы мен шабыт бастаулары» сұхбат өтті;  Ақын өз сүйікті өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді;  «Менің Қазақстаным» бейнеролик ұсынылды.  Әдеби қонақжай кеші оқушылар дайындаған «Шынайы жырларды оқи отырып» поэтикалық композициямен аяқталды.

Комментарии запрещены.