Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханада Кеңес Одағының Батыры, ержүрек қазақ қызы Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Аңызға айналған қыз» атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара барысында қатысушыларға батыр қыздың өмір жолы мен майдандағы ерлік істері жөнінде мағлұматтар ұсынылып, деректі бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, оқырмандар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанын сүюге, елін қорғауға дайын болуға үндеу және аңызға айналған батыр арудың жарқын бейнесін мәңгі есте сақтау.