28 мамыр күні №3 балалар кітапханасының қызметкерлері №21 ЖОББМ 8 сынып оқушыларына Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Аққан жұлдыз» атты портрет — сабағын өткізді. Жүргізуші қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырды. Оқушылар С.Мұқановтың «Мен кіммін деп мақтанамын», «Қызылжар», «Оң сапарға» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушының «Ботагөз», «Сұлушаш» сияқты көркем шығармалары, сондай-ақ «Аққан жұлдыз» Шоқан Уәлиханов туралы өмірбаяндық романы қаралды. Іс шарада жазушы туралы бейнеролик көрсетіліп, автордың еңбектері, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттерді қамтитын тақырыптық кітап көрмесі әзірленді.