2025 жылдың 19 мамырында дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 8-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық – қоғам мәселесі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын, адалдықты дамыту. Шара кітапханашының сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы кіріспе сөзімен басталды. Әңгіме толеранттылық пен теңдік туралы болды. Оқушыларға рөлдік тапсырмалар мен проблемалық сұрақтар беріліп, олар сәтті шешті. Шара аясында кітап көрмелері мен тұсаукесерлер ұйымдастырылды. Оқушылар адалдық адам өміріндегі рөлі туралы әңгімеледі.