14 сәуір куні №6679 әскери бөлімнің сарбаздары, Ахметов атындағы колледж студеннтері «Бір ел — бір кітап — 2025» акциясы аясында жыл таңдауы болып тандалған жазушы Тәкен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларына арналған «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем» әдеби кеші өтті. Кеш қонақтары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р. М. Муталиева, филология ғылымдарының докторы профессоры Б. Қ. Қапасовалар Т. Әлімқұлов проза мен әдебиеттану әлеміндегі дара тұлға екендігі және оның шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениетінің терең қырларын ашып, ұлттық руханиятты байытатыны туралы айтса, Ж. Нәжімеденовтің ұлы ақын, ел рухын асқақтатқан, терең ойлы өлеңдерімен ерекшеленген тұлға және Қазақстанның қазіргі әнүран мәтінінің авторы екендігіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің алтын қазынасы: Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжмеденовқа шығармаларын бірге оқуға шақырды.
«Бір ел, бір кітап» бейнебаянын тамашалап, «Бір дәуірдің қос дауысы» атты кітап көрмеге ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.