Биыл ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбайұлының180 жылдық мерейтойына орай 14 сәуір күні №43 орта мектептің кітапханасында 8 сынып оқушыларына «Абай мұрасы — мәңгілік» атты әдеби – музыкалық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өміріндегі кейбір фактілермен танысты, викторина сұрақтарына жауап беріп ақынның өмірбаянын еске түсірді, «Жыл мезгілдері» жинағынан өлеңдер оқыды, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін екі тілде тыңдады, «Қара сөздер» кітабынан өлең жолдарын оқыды, Абай туралы бейнефильмді тамашалады. Абильдинова Айнур Еркенқызы қазақ тілі мұғалімі Абайдың «Күз»өлеңін оқыды. Кітапханашылар Абай мұрасының алдында әлемнің барлық адамдары тағзым ететінін және 10 тамызда Абай күнін тойлау біздің еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Ақын әдебиет, философия, музыка саласында үлкен мұра қалдырды. Іс-шара соңында «Сөз асылы – Абай» кітап көрмесі бойынша шолу жасалды. Абай Құнанбайұлы — қазақ халқының ұлы ақыны.