«Шаңырағым — шаттығым»

16 наурыз — Қазақстанда атап өтілетін Шаңырақ күні. Бұл күн Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды күндердің бірі және ол отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптейді. “Шаңырақ” – қазақ мәдениетінде отбасының, ошақтың, тұтастықтың символы саналады. Осыған орай кітапханада №14 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Шаңырағым — шаттығым» атты тәрбие сағаты өтті.

Комментарии запрещены.