2025 жылдың 19 ақпанында Павлодар қаласының көпсалалы дарынды балаларға арналған интернат -лицейінің 10-сынып оқушыларына қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәмші әлемі» атты әдеби — музыкалық сағаты өтті. Алқадыр Мұхамбек «Ана туралы жыр» әнін орындап,қазақ композиторына арналған кітаптар сөресі әзірленді.