19 ақпан күні № 2 балалар кітапханасында «Болашақ — «тыңдалатын» кітапта» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Іс-шараға № 25 ЖОББМ 9 сынып оқушылары қатысты. Көпшілік арасында жаңадан «Аудиокітап» деген түсінік қалыптаса бастағаны белгілі. Ал оның не екенін біріміз білсек, енді біріміздің білмеуіміз қалыпты жағдай. Сол себептен кітапханашы әлем деңгейінде «Аудиокітаптың» шығу тарихын, Қазақстанда қай жылдан бері еңгенін, аудиокітап өндірісі, дайындау технологиясын, сапа ерекшеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері жайлы балаларға көлемді ақпарат берді.
Сонымен қатар оларға 5 қазақстандық жазушылардың аудио шығырмаларының QR кодтары бейнеленген ақпараттық тізімі таратылды.
Ал сіздер аудиокітапты жиі тыңдайсыздар ма?