17 ақпан күні №43 мектептің 10 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабы — 2025» атты әдеби танысу өткізілді. Балалар биыл жыл сайынғы республикалық акция аясында оқу үшін жанр бойынша екі автор ұсынылғанын білді: Проза: көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары; Поэзия: 2025 ж. меретой иесі, әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары. Оқушылар жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысты, «Бір дәуірдің екі дауысы» бейнеролигін көрді, көрмедегі кітаптарды қарады.