«Когда строку диктует время»

Кешкі кітапхана» жобасы аясында оқу залында Борис Пастернакқа арналған «Когда строку диктует время» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға Қазақстан Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, сондай-ақ Павлодардағы Анастасия Цветаева музейінің сақтаушысы, Григорьева Ольга Николаевна қатысты. Кеш поэзия сүйер қауым мен әдебиеттанушыларды жинап, Анастасия Цветаева музейінің өкілдері де қатысты. Кеш қатысушылары Пастернактың әйгілі өлеңдерін сезіммен және шабытпен оқып, ұлы ақынның шығармашылығына терең ой мен сезіммен толы атмосфераны қалыптастырды. Бұл кеш әдебиет пен эмоциялардың өзара байланысының жарқын мысалы болып, тыңдаушылардың жүрегінде ұмытылмас із қалдырды.

 

Комментарии запрещены.