11 ақпан 2025 жылы №3 көпшілік кітапхана қызметкерлері №33 мектеп оқушыларымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бір дәуірдің екі дауысы» әдеби подиум өткізді. Іс-шарада белгілі қазақ қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы талқыланып, олардың әдеби мұрасының маңыздылығы айтылды. Оқушылар жазушылардың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат алып, шығармаларынан үзінділер оқыды. Бұл кездесуде қатысушылар қазақ әдебиетінің алтын қорына енген туындылармен жақын танысып, көркем сөздің құдіретін сезіне алды.