«Қарамды қаламгер»

10 ақпан күні № 28 ЖОББМ 7 сынып оқушыларына Мұхтар Мағауиннің «Қарамды қаламгер» атты әдеби сағаты өткізілді. Мұхтар Мағауин (2 ақпан 1940 – 2025) – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, көрнекті жазушы, тарихшы және қоғам қайраткері. Ол өз шығармашылығымен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Мағауиннің туындылары қазақ халқының рухани байлығын ғана емес, әлем әдебиетіне де елеулі ықпал еткен құнды мұра болып табылады. Мұхтар Мағауиннің шығармалары ұлт тарихын, мәдениетін тереңінен танытып, болашақ ұрпаққа қымбат қазына болып қалары сөзсіз. Оның тарихи зерттеулері мен әдеби еңбектері қазақ қоғамына терең із қалдырды, шығармалары халықтың рухани жан дүниесін байытты. Осы әдеби сағат оқушыларға Мағауиннің шығармашылығымен жақын танысып, қазақ әдебиетінің тереңдігін сезінуге тамаша мүмкіндік берді. Шараның қорытындысы ретінде «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сол көрмеге шолу жасалып өтті. Оқушылар Мұхтар Мағауиннің шығармаларына деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсетті.

 

Комментарии запрещены.