2025 жылғы 23 қаңтарда сағат 12:00-де №3 көпшілік кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, суырыпсалма айтыскер, сазгер Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған «Музыкалық қонақжай» атты іс-шара өтті. Кеш барысында қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен музыкасына қосқан үлесі туралы қызықты мағлұматтар алды. Қатысушылар И.Байзақовтың өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған музыкалық шығармаларды орындады. Сондай-ақ, ақынның ауызша поэзия мен дәстүрлі орындаушылық өнерді дамытудағы рөлі туралы қызықты деректер ұсынылды. Іс-шара жылы әрі шабыттандырарлық атмосферада өтіп, қатысушылар қазақ мәдени мұрасының байлығын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды.