«Интернет: зиян немесе пайда»

2025 жылдың 22 қаңтарында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Интернет: зиян немесе пайда» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында интернеттің жағымды және жағымсыз жақтары және балаларды ғаламторда күтіп тұрған қауіп түрлері сөз болды. Балалар әртүрлі ақпарат түрлерімен танысты. Олар «спам», «хакер», «вирус», «модем», «браузер» деген не екенін «Ойлан тап» ойынын ойнау арқылы білді. Әңгіменің бір бөлігі интернеттегі қарым-қатынасқа арналды. Біз балалармен сондай-ақ өзекті мәселелерді талқыладық: компьютерлік ойындардың зомбиіне қалай жол бермеуге болады және Интернетке тәуелділік дегеніміз не.

 

Комментарии запрещены.