14 қаңтар күні Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Медико-әлеуметтік мекемесінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1115 жылдығына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы» тарихи сағаты өтті. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды ғалымның өмірбаянымен және ғылыми қызметімен таныстырды. Әсіресе әл-Фараби туралы аңыздар ерекше қызығушылық тудырды, олардың негізінде оның өмірбаяны құрастырылған. Кейінірек слайд-презентацияда оның өмірінен алынған 10 маңызды дерек ұсынылды. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің барлық дерлік еңбектеріне түсініктеме жазғаны және ағартушының музыкатану саласына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Осы бағытта ол «Музыка туралы үлкен кітап» еңбек жазып, онда шығыс пен ежелгі грек музыкасы туралы мәліметтерді жүйеледі. «Ғасырлар даналығы» бейнеролик ғалым және ойшылдың өмірбаян деректерін толықтырып, әл-Фараби өмір сүрген дәуірдің тарихи және тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетті.