«Маңғыстаудың маржаны — Фариза Оңғарсынова»

20 желтоқсан күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері «Жас Толқын» балалар клубының тәрбиеленушілеріне ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арнап «Маңғыстаудың маржаны — Фариза Оңғарсынова» поэзия кешін өткізді. Іс-шара барысында балалар ақынның бала кезі жайлы Динара Шәйжүнісованың «SUPER қыз» атты кітабынан қызықты әңгімені тыңдады. Кейін кітап көрмедегі ақынның кітаптарының шолуы жасалды. Өлеңдерін қазақ, орыс тілінде тыңдады. Ақын Фариза Оңғарсынова өзінің шығармашылығы жайлы былай дейді: «Менен өлеңді қалай жазасыз деп сұрайды. Қолыммен ғана жазамын. Сезімім ақ қағаз арқылы берілуі керек. Басқаша жаза алмаймын. Ойларымды компьютерде тере бастасам, маңыздылығын жоғалтып алатын сияқтымын».

Комментарии запрещены.